• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады 19.08.2017

Елорда әкімдігінен хабарлағандай, Астана жұмыссыздық деңгейі бойынша ең төменгі көрсеткішпен көш бастап тұр. 1 тамызға дейінгі жағдай бойынша 10 000 жаңа жұмыс орны ашылып, олардың қатарында шағын және орта бизнес те бар. 

«Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына 4 012 тұрғын жұмысқа орналастыру өтінішімен келді. Олардың 2409 адамы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаумен қамтылды. Жұмыс берушілер арасында қонақ үй мамандықтары бойынша сұраныс өскен, бұл – аспаз, қонақ үй бизнесінің менеджері, гид-аудармашылар, қызмет көрсетушілер. Мысалы, біздің орталық арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы жаңа «Hilton» отеліне 100 адам жұмысқа тұрды», - деп көрсетілген хабарламада.

Ресми мәліметтерге сай, аталған департамент статистикасы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5% құраған (жылдық жоспар бойынша 4,7%).


Back to the list