04.08.2017
Шараға 60 жұмыс беруші шақырылды, олар 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады.
Оған қоса Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды.Оның мақсаты – елорда тұрғындарын мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыру.
Атап өтер болсақ, бос орындар жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.