• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 50 пайызға азайды 14.07.2017

«Жобада, ЭЫДҰ-ның соңғы жылдардағы жастарды, егде жастағы еңбеккерлерді жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі жандарды мақсатты түрде әлеуметтік қолдау саласындағы жұмысы арқау етілген. Осыған байланысты, жоба аясында, ЭЫДҰ елдеріндегі алдыңғы қатарлы тәжірибе арқылы Қазақстанда қолдануға болатын ұсыныс-кеңестер түзіп шығу көзделуде», - деп мәлімдеді Біржан Нұрымбетов.

Жобаның басты мақсаты Қазақстандағы жоғарыда көрсетілген халық санаттарын еңбекпен қамтуға байланысты негізгі түйткілдерге талдау жасау мен еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, әлеуметтік бағдарларды түзу сынды тиісті стратегиялық әрекеттерді анықтау болып саналады.

«Есепте біз Қазақстанның соңғы 15 жылда тек экономикалық өсіммен шектелмей, көптеген жұмыс орындарын құрғанын атап өттік. Мысалға, жұмыссыздық саны 50 пайызға азайды, оның ішінде жастар да бар. Бұл жерде назар аударатыны, барынша мол құрылып жатқан жұмыс орындарының санында емес, сапасында, яғни адамның қызметінде көтеріліп, лайықты жалақы алуы», - деді өз кезегінде Стефано Скарпетта. 

Зерттеу қорытындысы жұмыспен қамтуда ұсынылатын тетіктер, қажетті халық санаттарын еңбекпен қамтуға қолайлы ахуал қалыптастыруға қажет институционалдық шаралар кешені болуы тиіс.

Жастар, егде жастағы жұмысшылар және халықтың осал топтарын қорғау сынды үш топқа арналған көзқарасқа шолу бойынша ұсыныс-кеңестер жұмысқа мұқтаж қазақстандықтарды еңбекпен қамтуда кәдеге жарап, оларды жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту орталықтарының іс-қимылын күшейтуге мүмкіндік бермек.  

Айта кетейік, жоба бойынша жұмыс 2015 жылдың 22 қаңтарында Давос қаласында (Швейцария конфедерациясы) қол қойылған бағдарламаны жүзеге асыру аясында жүргізілген.

 


Back to the list