16.06.2017
Елордада жыл басынан бастап жұмыспен қамтудың орталықтарына 6870 адам барған, 3895 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді. 2,5 мың адам жұмыспен қамту орталықтарының нәтижесінде жұмыс тапты, оның 125-і әлеуметтік жұмыс орындарына және 363 түлек жастар саясаты бойынша жұмыс істеуде.
Айта кетерлігі, Астанада халықты жұмыспен қамту кешендік жоспары аясында бірінші жарты жылдықта мемлекеттік қолдау шараларымен 9015 адам қамтылды.