• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астананың жұмыс берушілері шамамен 1500 бос жұмыс орнын ұсынды 18.05.2017

Бос жұмыс орындарын 60-қа жуық  жұмыс беруші ұсынды. Атап айтқанда, қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс саласы, қонақ үй,  автопарктер, ішкі істер саласына байланысты 1500 бос  қызметтер ұсынылды. Сонымен қотар, шара аясында  барлық қатысушыларға әлеуметтік дәрежесін анықтау мүмкіндігі  берілді.

«Бүгін біз кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізіп отырмыз. Бұл билығы жылы төртінші жәрмеңке, ал жыл соңына дейін тағы 5 жәрмеңке өтпек. Жыл басыныан бері үш жәрмеңке өтті, оның екеуі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Өткізілген шаралардың нәтижесінде 160 адам жұмысқа орналасты», – дейді Астана қ. әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Жәрмеңкеге қатысуышлардың айтуынша, бұл жұмыс берушілер мен жұмыс іздегендер үшін бұл тиімді, әрі пайдалы құрал.

Астана қаласының статистика департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың 1 тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,6% құраған. Елорда жұмыссыздар санының аздығы бойынша алдыңғы орында тұр. Бұл көрсеткіш республикалықтан 0,3 %-ға төмен. Ститистика мәліметі бойынша, Астанада 6 мың жаңа жұмыс орны құрылған, оның ішінде шағын және орта бизнесте 5 мың орын ашылған.


Back to the list