17.05.2017
2017 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 66764 жаңа жұмыс орындары ашылатыны жоспарланып, оның ішінде, 5677 адам жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасатыны көзделді, - деп атап өтілген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, 2017 жылдың 1 мамырына 4870 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде, 115 орын «Индустриялды-инновациялық даму» бағдарламасы (42,1%), 396 орын «Бизнестің жол картасы 2020» (55,9%), 3987 орын мемлекеттік салалық бағдарламалар арқылы (23,1%), 237 орын «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында (0,6%) ашылған. Ашылған жаңа жұмыс орындарына 1201 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасқан.
Сонымен қатар, «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық бюджеттен 10879,6 млн.теңге бөлінеді және 64 314 адам қамтылады деп көзделуде.