• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада жастар және әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеді 16.05.2017

Астана қаласы бойынша статистика департаментінің ресми мәліметі бойынша 2017 жылдың I тоқсанында Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,6% (жылдық жоспар 4,7%) құрады.

Мысалы, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда  0,3% төмендеп, 4,5 % құрады (жылдық жоспар 4,7%). Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі де 0,4 % төмендеп, 4,5 % құрады (жылдық жоспар 4,9%). Статистикалық мәлімет бойынша, жыл басынан бері Астанада 6 мыңнан астам жұмыс орны, соның ішінде шағын және орта бизнес саласында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жыл басынан бері бос жұмыс орындарын іздеп 5 799 адам келген. Олардың 58 %-ы жұмыссыздықтан сақтау шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, 2 188 адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 331 адам – жастар практикасына, 117 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. Бұдан бөлек, 1 028 адам уақытша жұмыстармен қамтылған.

Бүгінгі таңда Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының дерекқорында 971 жұмыс беруші тіркелген, олар 8 мыңнан астам бос жұмыс орындарын ұсынуда.      


Back to the list