12.05.2017
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында, 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздар мен өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар қатарындағы 22 мың 410 адамға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бұл өңірдегі жұмыссыз азаматтардың жалпы санының 100%-ын құрайды.
Оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға - 1 мың 924 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 783 адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасына - 513 адам, қоғамдық жұмыстарға - 4 мың 60 адам, кәсіптік оқытуға 779 адам жіберілсе, оның ішінде 143 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілген.
Бұдан бөлек, 13 мың 960 адам өздігімен жұмысқа орналасып, 391 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.