• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 60-қа жуық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынады 11.05.2017

Іс-шараға барлық салалар бойынша бос қызмет орындарын ұсынатын 60-қа жуық жұмыс беруші қатысады, деп хабарланды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында. Бұл биыл жүргізіліп жатқан төртінші бос қызмет орындары жәрмеңкесі.

2016 жыл қорытындылары бойынша Астанада ел бойынша ең төмен жұмыссыздық көрсеткіші –4,6% деңгейінде, бұл жалпы республикалық деңгейден 0,4% төмен.

Жыл басынан бері Астананың жұмыспен қамту орталығында жұмысқа орналасуда жәрдемдесу үшін 5 188 адам өтініш жасаған. Оның 58 пайызы жұмыссыздықтан қорғау шараларымен қамтылған.

Бүгінгі таңда Халықты жұмыспен қамту орталығының дерекқорында 8 мыңнан астам бос қызмет орнын ұсынатын 1023 жұмыс беруші тіркелген.


Back to the list