• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
100-ден астам жұмыссыз астаналық қысқа мерзімді кәсіптік оқуға кірісті 11.04.2017

Жалпы ағымдағы жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 500 жұмыссызға тегін оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың айтуынша, мұндай мүкіндікті жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар алып отыр. 

«Тегін қысқа мерзімді курстар арнайы білімі жоқ, немесе алдында алған мамандықтары еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалған азаматтарға  ұйымдастырылады. Өткен жылы қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес, мамандар хабарласқаннан күннен бастап 10 күннің ішінде жұмыс іздеп жүрген азаматқа қолайлы жұмыс табылмаған жағдайда, оны ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеуге алады. Жұмыс іздеген азамат өз кезегінде Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос орындарға қызығушылығын танытып, 10 жұмыс күн ішінде кем дегенде 3 рет келіп, хабарласып тұруы тиіс. Тіркеуге алу процесі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен тексерістен өткеннен кейін олардан алынған ақпарат азаматтың жеке жұмысқа тұру картасына енгізіледі, - деді ол. 

Еске сала кетейік, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысу үшін елорда әкімнің орынбасары Андрей Лукиннің төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту мәселесі бойынша ведоствоаралық комиссиясы 8 білім беру ұйымдарын іріктеп алған болатын. Олар өз кезегінде мектеп алды дарялау ұйымдарының тәрбиешісі, наубайшы, аспазшы, тігінші, шаштараз шебері, электргаздәнекерлеуші, электромонтер, сауда менеджері, қадағалаушы-кассир, даяшы, слесарь-су құбыршы мамандықтары және ағылшын тілі мен сандық компьютерлік сауат ашу дағдылары бойынша мамандарды дайындайды.

 


Back to the list