07.04.2017
Бұл орталық күніне 710 қызмет түрін көрсетеді.
«Сондай-ақ, бізде шалғайдағы елді-мекендер тұрғындарына анықтама беретін жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Мысалға, орталықтан 50 шақырымдай жерде тұратын және келуге мүмкіндігі жоқ адамдарға қызмет көрсетеміз. Сонымен бірге біз қазір жұмыспен қамту органдарын Халыққа қызмет көрсету орталығына көшіруге жұмыстанып жатырмыз. Бір айдың ішінде ақпараттық базада көшірілетін болады», - деп хабарлады Бейнеу ауданының ХҚКО директоры Бекберген Қылишаев.
1 сәуірге берілген мәлімет бойынша Бейнеу ауданының жұмыспен қамту органына 474 адам жүгінген. Оның 56-сы әлеуметтік жұмыс орындарына, 255-сі-қоғамдық жұмысқа, 93-і жастар практикасына орналастырылған, ал 33-і жеке бизнес ашу үшін оқыту курстарына бағытталған.