15.03.2017
Сапардың мақсаты тактикалық буын мамандарының әскери-медициналық дайындық бойынша ақпараттық алмасуы болды. Әскери медициналық мамандардың қазақстандық делегациясы АҚШ Құрлық әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің әскери базаларында болып қайтты.
Тактикалық буын мамандарымен жерүсті және әуе көлігінен зардап шеккендерді медициналық эвакуациялау жөнінде сабақтар өткізілді. Сапар шеңберінде екіжақты брифинг өткізілді. Екі елдің өкілдері Қазақстан Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының базасында американдық мамандардың қатысуымен нұсқаушылар мен парамедиктерді дайындау курстарын өткізу мәселелерін талқылады.
Мұндай курстардың өткізілуі ұрыс алаңында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындалған мамандардың болуы қажеттілігімен негізделген. Олардың міндетіне жаралы және зардап шеккен әскери қызметшілердің өмірін сақтап қала алу, олардың әрі қарай әскери госпитальге көшірілуін ұйымдастыру кіреді.