10.03.2017
Шараның мақсаты - елорда әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы «Астана қаласында жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысын, және «Елордадағы қауіпсіздік және жайлылық» жобасын іске асыру бойынша кешенді жоспарды орындау. Сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін 40-қа жуық жұмыс беруші ізденушілерге 100-ден аса бос жұмыс орнын ұсынады. Негізінен бос жұмыс орындары медицина, білім, көлік, қаржы, қызмет көрсету, абаттандыру, мәдениет, энергетика және өнер салаларында ұсынылған. Сонымен бірге, жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген 100-ге жуық адам қатысуда.
Еске салсақ, жаңа ережеге сәйкес, елордалық жұмыс берушілерге қызметкерлерінің санына байланысты физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленген. Квота 50-ден 100 адамға дейін - 2%, 101-ден 250 адамға дейін - 3%, 251 адамнан жоғары штатқа 4% көлемінде белгіленген.
Сонымен бірге, пробация қызметінде тіркеуде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және кәмелеттік жасқа жеткенше ата-анасынан немесе ата-ана қамқорлығынан айырылған жастар, білім ұйымдарының түлектері үшін штаттық бірліктің жалпы санының 1% көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленген.