09.03.2017
2016 жылы Қостанай облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (19,4 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (3,7 мың адам) қатарындағы 23,1 мың адам қамтылды.
Оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 909 адам жұмысқа орналастықан. Әлеуметтік жұмыс орындарына - 1 мың 571 адам, жастар тәжірибесіне - 692 адам, қоғамдық жұмыстарға 3 мың 999 адам жіберілген.
Бұдан бөлек, кәсіптік оқытуға 676 адам жіберілсе, оның ішінде 150 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға бағытталған.
Сондай-ақ, 12 мың 472 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасқан, өздігімен 188 адам жұмысқа орналасқан.
Бұдан бөлек, 577 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алған.