09.03.2017
Қала әкімдігі хабарлағандай, аталмыш іс-шара аясында жұмыспен қамту, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласы, «Жастар практикасына», әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, «Өрлеу» жобасының аясында кәсіби даярлыққа және жұмысқа орналасуға жіберу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызметтерін ұсыну жөніндегі мәселелер түсіндіріледі.
Ниет білдіргендердің барлығын жұмысқа орналасу мәселелері бойынша білікті көмек алуға шақырамыз.