25.02.2017
2016 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің саны 2015 жылмен салыстырғанда 0,4 % өсіп, 99 мың бірлікті құраған. ШҚО-да шағын және орта бизнеспен әрбір үшінші адам айналысады.
«Облыста кәсіпкерлерді ынталандыру үшін Бизнесті қолдау картасы жұмыс істейді. 2017 жылы оған 434 млрд теңгеге 13 жоба кірген, олардың үлкен бөлігі индустрияландыруды, экспортты және өнеркәсіпті дамытуға бағдарланған. Бұл бизнес бастамалар шығысқазақстандықтарды 3 мың қосымша жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ шығарылатын өнім көлемін ұлғайтады », – делінген хабарламада.
2017 жылғы кәсіпкерлік картасының көрсеткіштері өткен жылғы көрсеткіштерден асады. 2016 жылы 5 млрд теңгеге 6 жоба іске асырылып, 388 жұмыс орны ашылған.
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдарын шығару саласындағы бизнес субъектілері іске асыратын жобалардың инфрақұрылымына 4,2 млрд теңге жұмсалған.