• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Маңғыстау облысында екі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды 21.02.2017

«Өңірлік экономиканы әртараптандыру және бизнес-ортаны қолдау – шешуін қолдау үшін кешенді шаралар қабылданған басты міндеттердің бірі. Әкімдік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ «Маңғыстау» шағын қаржы ұйымы ашылды. Ақтау қаласының жұмыспен қамту орталығы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына ауыстырылды», – деді Ш. Илмұханбетова.

Сондай-ақ, оның айтуы бойынша, жұмыспен қамту органдарының жәрдемдесуімен 2016 жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Бастау бизнес» деп аталатын пилоттық жобасы іске қосылды.

«Ағымдағы жылы облыстың төрт ауданында «Бастау бизнес» бағытын пилоттық режимде іске асырамыз. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халық үлесі жоғары байқалатын аудандар тартылатын болады. Бұдан бөлек, бұл аудандардың кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеуеті жеткілікті», – деп атап өтті Ш. Илмұханбетова.

Ол үшін мобильді кешендер де белсенді түрде тартылады. Бүгінде оқу кестесі келісіліп, осы бағытқа 540 қатысушының тізімі құрастырылған.

Ақбота Күзекбай


Back to the list