• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада жыл басынан бері 600 астам адам жұмысқа орналастырылды 15.02.2017

Сонымен қатар, елордалық Статистика департаментінің деректері бойынша Астана қаласындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бұрынғы қалыпта сақталды – 4,6 %. Әйелдер жұмыссыздығы деңгейі 4,5%-ды құрады.

Ақпанның 15-дегі жағдай бойынша жыл басынан бері Халықты жұмыспен қамту орталыңына бос жұмыс орындарын іздеп 1 976 адам келген. Олардың 60 пайызы жұмыссыздықтан сақтау шараларымен қамтылды.

Атап айтқанда, 629 адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 71 адам жастар практикасына тағы 29 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған. Бұдан бөлек, 549 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Бүгінгі таңда Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 963 жұмыс берушілер 6 мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынуда.

 


Back to the list