• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЖҚЖК:  Мемлекеттік қолдау шараларымен 800 мың адам қамтылды 09.02.2017

Ол өз сөзінің кіріспесінде, 2016 жылы, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жасалып шыққанын, соған байланысты «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аяқталғанын еске салды.   

«ЖҚЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, 2011-2016 жылдар аралығы, 800 мыңға жуық адамға мемлекеттік қолдау шараларының пайдасы тиді», - деді Біржан Нұрымбетов.

Вице-министр, бағдарламаның бірінші бағыты аясында (инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту арқасында халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету) 10,5 мың жоба атқарылып, 103,8 мың адам жұмысқа орналасқанын атап өтті.

Екінші бағыт тұрғысында (кәсіпкерлік пен сүйеніш ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру) 44,8 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкерлік негіздеріне оқып, олардың ішінде 29,9 мыңнан астамы алғаш рет өз ісін ашты. Нәтижесінде, қосымша, тағы 42 мың адам жұмысқа орналасты.

Үшінші бағыт бойынша (жұмыс берушінің сұранысына қарай оқыту мен қоныс аудару арқылы еңбекпен қамтуға әрекеттесу), кәсіби білім алған соң, 110 мың қазақстандық жұмыс тапты.

111 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылып, 77,6 мыңы тұрақты жұмыс орнын иеленді. Жастар тәжірибесіне 91 мың жас азамат жолдама алып, 57,4 мыңы еңбекпен қамтылды.

Сонымен қатар, үшінші бағытқа қатысты, экономикалық әлеуеті төмен ауылдық жерлерден көшірілген 19,3 мың адамның 7 мыңдайы жұмысқа тұрды.   

Осы орайда, тиісті деректер қорындағы бос жұмыс орындарына 344,6 мың адам орналастырылды.

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін 5%-дан асырмай ұстап тұруға мүмкіндік туды.


Back to the list