07.02.2017
«Өнеркәсіп пен өндіріс – 7 мың 599 (13%), құрылыс пен абаттандыру – 4 мың 595 (8%), білім және ғылым – 4 мың 548 (7%), медицина мен дәрі-дәрмек нарығы – 4 мың 467 (7%)», - делінген хабарламада.
Былтыр аталған порталға жаңадан тіркелген 12 мың 398 пайдаланушының 7 мың 543-і кәсіпорындар санатынан болып отыр. Барлығы, бір жыл ішінде, жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарын есептегенде, 60 мыңға жуық бос жұмыс орны мен 52 мың түйіндеме орналастырылған.
82,6% вакансияда толық жұмыс күні талап етілсе, 7,4% - вахталық жұмыс тәсілінен тұрып, 3,7% - жартылай жұмыс күні ретінде көрсетілген. Сонымен қатар, 3,3% үйдегі жұмыс ұсынылып, толық емес жұмыс аптасы мен өзге де ерекшеліктер 3%-құрауда.
Жұмыс іздеушілер жиі қызмет көрсету саласына - 31%, өнеркәсіп пен өндіріске - 9%, құрылыс пен абаттандыруға - 5%, көлік бағытына - 4% қызығушылық танытқан.
Жұмыс берушілер порталда өздігінен орналастырған 15 мың 988 бос жұмыс орнының 71%-да, жұмыс өтіліне айрықша талап қойылмағандықтан, жастардың еңбекпен қамтылуына оң әсер еткен.
Еске сала кетсек, «Жұмыс» порталы», бұл – Қазақстандағы жұмысқа орналасу мәселелеріне арналған мамандандырылған интернет-ресурс. Мұнда жұмыс орны мен түйіндемеге қатысты хабарландыру орналастырып қана қоймай, дыбыс және бейнебайланыс арқылы онлайн-сұхбаттасу өткізуге болады.