• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 300-ге жуық жұмыскердің құқықтары қорғалды 06.02.2017

Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 40 ұйғарым беріліп, 4 млн. теңге соммасында 20 әкімшілік айыппұл салынды.

«Қолданылған шаралар нәтижесінде 50 млн. теңге соммасында жалақы берешегі төленді.  300-ге жуық жұмыскердің құқықтары қорғалды, оның ішінде  республиканың 3 кәсіпорнында қолданылған шаралар нәтижесінде 158 жұмыскердің алдындағы жалпы соммасы 17 млн. теңге болатын жалақы берешегі толығымен төленді, «СП Sareco» ЖШС – 118 жұмыскер алдында 14,9 млн. теңге (Ақмола облысы), «Жамбылгипс» ЖШС – 23 жұмыскер алдында 1,1 млн. теңге, «Жамбылгипсстрой» ЖШС – 12 жұмыскер алдында 1 млн. теңге (Жамбыл облысы)», - делінген хабарламада.

 Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен жалақы берешегін анықтау және оны жоюға бағытталған нысаналы шараларды қолдану жалғасуда.

 


Back to the list