• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жамбыл облысында  2017 жылы  785 әлеуметтік жұмыс орны құрылды 03.02.2017

Спикердің сөзіне сүйенсек, 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 8289 адам қатысты. Олардың ішінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар 5593 адам (67,5%), жұмыссыздар - 2586 (32,5%). Осы Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санынан 442 адам табысы аз адамдар, 239-і мүгедектер. Бағдарламаға қатысушылардың ішінен жастардың үлесі 43,4% (3597 адам), әйелдердің үлесі – 42,8% (3548 адам).

Бағдарлама аясында барлығы 7543 адам жұмысқа орналасса, оның ішінде 81,5% (6149 адам) тұрақты жұмысқа қабылданып отыр. Жалпы жұмысқа орналасқандардың 92,5%-ның міндетті зейнатақы жарналары аударылған.

«Бағдарламаның бірінші бағыты (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) аясында барлығы 438 жоба бойынша жөндеу жұмыстарына 6143,6 млн.теңге қаржы бөлінді (оның ішінде 410 жобаны қаржыландыруға республикалық бюджет есебінен 4093,0 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен қоса каржыландыруға – 653,0 млн.теңге), облыстық бюджеттен 28 жоба, бөлінген қаржы 1397,6 млн.теңге», - делінген хабарламада.

Жыл қорытындысы бойынша жоспарланған 6143,6 млн. теңгенің 98,9 пайызы 6074,3 млн.теңгесі игерілді, соның ішінде республикалық бюджеттен есепті кезеңге қаралған 4093,0 млн. теңгенің 98,5 пайызы немесе 4031,5  млн. теңгесі игерілді.

Жоспарланған 438 нысанның 433 жұмыстар аяқталды. Барлығы 2503 жұмыс орындары ашылып, олардың 56,0 пайызы немесе 1402 адам жұмыспен қамту орталықтарының жолдамаларымен жұмысқа жолданды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2016 жылы 831 адамды қамтуға барлығы 3239,4 млн.теңге бөлінді. Республикалық бюджет есебінен кәсіпкерлік негіздеріне 372 адамды оқытуға 13,5 млн.теңге, 831 адамға микрокредиттер беруге 3225,9 млн.теңге қаражат қарастырылды.

Шағын несиеге қаралған барлық қаржының ішінде «Ауыл азаматтарын жұмыспен қамту» пилоттық жобасына 254 адамға 1520,0 млн.теңге қаралған. Жыл қорытындысымен қаралған қаржы толығымен игеріліп, 287 адамға шағын несиесі берілді. Соның ішінде шағын бордақылау алаңдарына 204 адамға 1106,9 млн.теңгенің, отбасылық сүт-тауарлы фермалары бойынша 75 адамға 395,0 млн.теңгенің, сүт қабылдау бекеттерін ашуға 8 адамға 18,1 млн.теңгенің шағын несиесі берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында кәсіптік оқыту бойынша  қаржыландыруға бөлінген 34,3 млн.теңге толығымен  игерілді. Қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жолданған 279 адамның 275-і оқуын аяқтап, оның 274-і жұмысқа орналасты. 2016 жылы 608 әлеуметтік жұмыс орындарын құру жоспарланып, осы мақсаттарға 128,1 млн. теңге  бөлінді. 2017 жылдың 1 қаңтарына 785 әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, республикалық бюджет есебінен қаралған қаржыдан үнемделген 70,4 мың теңгеден басқа қаржы толық игерілді. Барлығы 409 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.


Back to the list