01.02.2017
Бүгінде 36 ұйыммен 264 әлеуметтік жұмыс орнын құруға келісімшарт жасалды, - деп хабарлады елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы.
Әлеуметтік жұмыс орынына қатысу ұзақтығы 12 айдан артық болмауы тиіс. Әлеуметтік жұмыс орынындағы жұмысшылардың жалақысына кеткен жұмыс берушілердің шығынының компенсациясы бекітілген жалақы мөлшерінің Қазақстан Республикасының бюджетіндегі қаржылық жылға бекітілген ең төменгі еңбекақының 35 пайызынан артық емес түрде болады.
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың ішінде айқын басымдылыққа халықтың әлеуметтік осал топтары басымдыққа ие болады.