24.01.2017
2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сай, бағдарламаға қатысушылардың 6 мың 335 адамы оқуын аяқтады. Оларға оқу орнына дейін жолақы мен жатын орнын субсидиялау ретінде мемлекеттік қолдау көрсетіліп, оның 5 мың 431-і жұмысқа орналастырылды.
Сонымен бірге, бағдарламаның үшінші бағытын жүзеге асыру аясында еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларымен 2 мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішінде облысаралық қоныс аударуға 1 мың 207 адам қатысты. Республиканың оңтүстік өңірлерінен Павлодар облысына 600 адам, Солтүстік Қазақстан облысына 404, Қостанай облысына 111, Шығыс Қазақстан облысына 92 адам көшірілді.
Қоныс аударған азаматтардың 1 мың 78 адамы еңбекке жарамды, бүгінгі таңда оның 436-сы жұмысқа орналасты.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында 6,8 млрд. теңге бөлінген болатын. Аталған қаражаттың есебінен азаматтар жаңа кәсіп иесі атанып, сонымен қатар, біліктіліктерін арттырды, жаңа қоныс орнында жұмысқа орналасты.