• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысының Арал ауданында микробизнестің  20 жобасы жүзеге асырылды 13.01.2017

Жоба аудандағы 55 азаматтың тұрақты жұмыс табуына септігін тигізген.Кәсіпкерлікпен айналысқанына бірнеше жыл болған Раиса Кеншінбайқызы үшін «Микробизнес Қызылорда» жобасы кәсібін дамытуға мүмкіндік берді.

Кәсіпкер бұған дейін де наубайхана ашып, нан өнімдерін шығарумен айналысқан. Өткен жылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан алған 7,5 млн.теңгеге жаңа цехты іске қосып, пеш құрылғыларын алып, өндірісін кеңейтті. Бүгінде наубайханада күніне 3000-ға жуық нан өнімдері, 70 торт түрі, 25 келі печенье пісіріліп, тұтынушыларын тауып отыр.

Аудан тұрғындары жыл өткен сайын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен қолдануда. Әсіресе жеңілдікпен несие алып, өз кәсіптерін ашушылар қатары артқан. Мәселен, өткен жылдың өзінде аралдықтар түрлі қаржы институттарынан алған 357,8 млн.теңгеге 88 жобаны жүзеге асырыпты. 

 


Back to the list