• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
340-тан астам қарағандылық   мобильді қосымшаның көмегімен жұмысқа орналасты 09.01.2017

Мобильді жоба жүзеге асырылған кезден бастап қаланың 2415 азаматы осы қызметті пайдаланып, 342 адам жаңа жұмыс орындарына сәтті орналасып, мамандық бойынша тәжірибе жинақтауды жалғастыруда.

Оның ішінде:27 адам «Жастар практикасына» жіберілді;35 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты;15 адам қоғамдық жұмысқа жолдама алды.

Мобильді жоба арқылы жаңа жұмысқа орналасқандардың қатарында - Анисимова Ольга Владимировна да бар. Ол «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы  «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келіп, қаламыздағы № 39 кешенді мектеп-балабақшасына жолдама алған болатын. Қазіргі күні Ольга Владимировна білім беру мекемесінде орта сыныптарға информатика пәнінен сабақ беріп, оқытушылық қызметін әрі қарай дамытуда.

Кадрларды жедел іріктеу және бос орындарды толықтыру мақсатында жұмыс берушілер де бос жұмыс орындары туралы хабарлама жіберіп, мобильді қосымшаны белсенді пайдалануда.

Қазіргі күні қаладағы 132 кәсіпорындар мен ұйымдар қала тұрғындарына 998 бос орындарын ұсынып отыр.

 


Back to the list