05.01.2017
Жобаға мониторинг жүргізу мен бағалауды қаржыландыру жоспарына сәйкес бағдарламаны жүзеге асыруға 52,5 млрд теңге бөлінді, оның 50,6 млрд теңгесі игерілді. Жеке кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бөлінген 29,9 млрд теңге 100 пайыз игерілді. Шағын несиелерді беру бойынша несие беруге 2,6 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында 2 183 тұрақты жұмыс орнын құру қарастырылған, 35 шағын және орта бизнес жобаларына 566,9 млрд теңге инвестиция бөлінді.
«БЖК-2020» бойынша 2016 жылы 1588 жоба 211,1 млрд теңге несиеге субсидияланды. Төленген субсидия саны 22,4 млрд теңгені құрады.
699 жоба 19,4 млрд теңге несие алуға кепілдік алды. Кепілдендірілген сома 8,4 млрд теңгені құрады. 225 жоба бойынша 476,4 млн теңгенің гранты ұсынылды. 271 шағын несие 1 млрд теңгеге берілді.
Қаржылық емес қолдау аясында 13 550 мың жаңа және әрекеттегі кәсіпкер кәсіпкерлік негізіне оқытылды, 50 317 сервистік қызмет 34 314 кәсіпкерге көрсетілді.
Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 159 075 қызмет 81 924 клиентке көрсетілді.