• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жамбыл облысында ШОБ саласында 120 мың адам жұмыс істейді 08.12.2016

Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің өндірісі - 34,9 пайызға, жеңіл өнеркәсіпте - 64,0 пайызға, мұнай өнімдерінөндіруде 39,1 пайызға, басқа металл емес минералды өнімнің өндірісінде 1,6 пайызға, металлургия өнеркәсібінде 52,8 пайызға артқан.

Облыс экономикасындағы басым бағыттардың біріне шағын және орта бизнесті дамыту жатады. Бүгінгі таңда облыс аумағында 58146 орта және шағын кәсіпкерлік нысандары жұмыс істейді (4288 - шағын бизнестағы заңды тұлғалар, 55 - орта кәсіпорындар, 38058 - жеке кәсіпкерлер, 15745 - шаруа қожалықтары).

Орта және шағын кәсіпкерлік саласында 120,8 мың адам немесе облысымыздың экономикалық белсенді тұрғындарының 24 пайызы жұмыс істейді. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 130,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 96,3% құрады.

 


Back to the list