30.11.2016
2015 жылғы статистикалық деректер бойынша ауданда тіркелген жұмыссыз халық саны 1887 адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,1 %-ды құраған.
Осы ретте, «ЖЖК 2020» бағдарламасы бойынша I бағыт бойынша аудандағы 4 нысананың күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 448,1 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргізу уақытында 76 адам жұмысқа орналастырылған.
Бұдан бөлек, II бағыт бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 96 азаматқа жеке кәсіпкерлікпен айналасуға мүмкіндік беріліп, 398.5 млн теңге қаржы бөлінген. Есепті кезеңде 89 азаматқа жалпы соммасы 322.8 млн теңге көлемінде несие берілген.
III бағыт бойынша есепті кезеңде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 200 жұмыссызға 36,1 млн теңге бөлінген. Жыл басынан бері қоғамдық ақылы жұмыстарға 258 жұмыссыз тартылып, оларға 25,8 млн теңге төленген.
2016 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға 21,2 млн теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 21,6 млн теңге бөлінген. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 144 адам, жастар тәжірибесіне 107 адам тартылып, оларға 35,5 млн теңге төленген.