• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЖҚЖК 2020: Алматыда жыл соңына дейін 133 әлеуметтік нысан жөнделеді 29.11.2016

2016 жылы Алматы қаласында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 7,9 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 133 инфрақұрылымдық нысандарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жөнделетін ғимараттардың 33-і - білім беру, 8 – мәдениет, 11 – денсаулық сақтау нысандарын, 47 – көлік инфрақұрылымын, 3 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылымын және 31-і абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қамтиды.

Бүгінгі күні 128 жоба іске асырылуда, 1498 адам жұмысқа тұрды, олардың 973-і «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.


Back to the list