25.11.2016
Облыс әкімінің орынбасары жұмыссыздықпен күрестегі мемлекеттік қолдау шараларына толық тоқталып өтті. Облыста кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос қызмет орындарының мониторингі күн сайын жүргізілуде. Облыста іске асырылатын мемлекеттік салалық бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр, жаңа субъектілер шағын несиелендіру арқылы шағын және орта бизнеске тартылуда, еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту жүргізілуде.
«Жұмыссыз жастарды қолдау мақсатында «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы - 2020» сияқты бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Жыл басынан бері жоспардағы 8900-дің орнына 10542 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 5148 – тұрақты жұмыс орны», - деді әкім орынбасары.
Марат Тоғжанов атап өткендей, облыста 2016 жылға жұмыспен қамту шараларымен 16 025 адамды қамту жоспарланған еді, ал ағымдағы жылғы 1 қарашада іс жүзіндегі қамту 18 520 адамды құраған.