09.11.2016
Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы жыл бойы жүйелі негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп келді.
«Біз биыл 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткіздік, бұл соңғы, 12-ші жәрмеңке. 11 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 400-ден аса адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, тағы ондаған адам әңгімелесуден өтуде. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі - өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер үшін де ыңғайлы алаң», - деп атап көрсетті Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.
Жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 12 мыңнан аса адам жүгінген. Биыл Астанада 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды.