• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанадағы жәрмеңкеде  100 бос жұмыс орны ұсынылады 04.11.2016

Елорданың Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, осыған дейін өткізілген 11 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша, 400-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Үстіміздегі жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, орталық 11 679 адамға қызмет көрсеткен, соның ішінде 6974 тұрғын жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді, олардың қатарында тұрақты жұмысқа, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер және әлеуметтік жұмыспен қамтылғандар бар.

Қазіргі уақытта қалалық Жұмыспен қамту орталығының базасында 3654 бос жұмыс орны және 1430 жұмыс беруші бар. Мамандардың айтуынша, орталық жаңа жұмыс орындарын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні орталықтың мәліметтер базасында 15 719 жаңа жұмыс орны бар.


Back to the list