19.10.2016
«Біз техникалық және кәсіптік білім беруді тегін ұсынудың жаңа тетігін әзірледік. Қазір түлек арнаулы орта және жұмысшы біліктілігіне ақылы және тегін негізде түсе алады. 2017 жылы гранттар бірінші кезекте жұмысшы мамандықтарына, ал соңғы кезекте, гранттар жетсе, экономикалық және заңгерлік мамандықтарына беріледі деп ұсынылады. Біз қысқамерзімді болашақта жұмысшы мамандықтары бойынша даярлықты 2 есе – 40 мыңнан 80 мыңға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — деді Ерлан Сағадиев «2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің Жолдауы тұрғысынан жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыбына өткен дөңгелек үстел барысында.
ҚР БҒМ деректері бойынша жыл сайын колледждерден 14 мыңға жуық адам немесе 13% және жоғарғы оқу орындарынан 40 мыңға жуық адам оқудан шығарылатынын атап өту қажет. Мектептен кейін біліктіліксіз 21 мың адам нарыққа шығады.