12.10.2016
Ауылдардағы жұмыспен қамту мәселелері облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды.
«Ағымдағы жылдың басынан бері ауылдарда 5,4 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, олардың 28,1%-ы тұрақты жұмыс орындары.Бұл көрсеткіш ауылдық аймақтарда құрылатын жұмыс орындарының маусымдық сипатын көрсетіп тұр», - деп хабарлады жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов.
Сонымен қатар, басқармадағылар кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету барысында жаңа жұмыс орындарын құру және жұмысшылармен арадағы еңбек қатынастарын заңдастыру міндеттілігін есепке алу қажет деп ойлайды.
Басқарма басшысының айтуынша, егер, 6 миллиард теңге көлемінде субсидия алған және басқаша да мемлекеттік қолдауға ие болған 3,6 мың ауыл шаруашылық құрылымдары өздерінің жұмыс күшін заңдастырса, жұмыспен қамту көрсеткіштері анағұрлым жоғары болатын еді.