• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысындағы ШОБ субъектілерінде жыл басынан бері 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды 12.10.2016

Оның айтуы бойынша, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 130 мыңнан астам адамды құрады, бұл өңірдің экономикалық белсенді халқының 29%-ға жуығын құрайды. Ағымдағы жылы облыста шағын және орта бизнес субъектілерінде 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Одан басқа, облыс кәсіпкерлерінен 18 млрд теңгеден астам сомаға салық төлемдері түскен. 

«2010 жылдан бастап, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының әрекет етуі кезеңінде 73 млрд теңгеге жуық жалпы сомаға 605 жоба, соның ішінде осы жылы 12,5 млн теңге сомасына 115 жоба мақұлданды», – деп атап өтті ол.

Одан басқа, облыстың «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыруға осы кезең ішінде республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Осы жылы 3 млрд теңге бөлінген.

Д. Амриновтың айтуы бойынша, кәсіпкерлік бастаманы дамыту мақсатында, кейіннен екінші деңгейлі банктерде орналастыра отырып, облыс әкімдігінің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қаражаты есебінен 300 млн теңге сомасына шағын несиелендіру қорын құру жұмысы жүргізілуде. Одан басқа, Қор «Есіл» микроқаржы ұйымында миллиард теңге мөлшерінде қаражат орналастыру мәселесін қарауда. Кәсіпкерлер палатасымен де жұмыс жүргізілуде. 


Back to the list