14.01.2015
Ақмола облысында бөлінген қаржыға жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен аз қамтылған отбасынан шыққан 3330 адамды жұмыспен қамту көзделген.
Сонымен, Шортанды ауданында Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020 бағдарламасы бойынша қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатта бағдарлама шеңберінде 25 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Айта кетерлік жайт, аталмыш мекеме Ақмола облысы Шортанды ауданының Дамса ауылында 1988 жылы құрылды. Ол 36 адамға шақталып салынған. Онда барлық мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі және медициналық кабинет пен кітапхана жұмыс істейді.
Күрделі жөндеу жұмысы барысында мекеменің шатыры жаңадан жабылып, есік, терезелері ауыстырылды. Жаңа еден төселіп, қосымша жарықтандыру құралдары орнатылды. Жалпы, жөндеу жұмыстары бекітілген жобаға сәйкес жүргізілді.