• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  Астанада ШОБ субъектілерінің саны  2,5%-ға артты 14.01.2015

Нарықта белсенді қызмет атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 60790 бірлікті құрады, соның ішінде 7946 заңды тұлғалар, 52835 жеке кәсіпкерлер және 9 шаруа қожалығы.

Департаменттің мәліметі бойынша, 2014 жылғы 1 қазанға шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 4,6%-ға көбейді және 233784 адамды құрады. Қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,6%-ға көбейді және 2294809 млн. теңгені құрады.


Back to the list