• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны 2014 жылдың желтоқсан айында 0,9%-ға артты – ҰЭМ 13.01.2015

«2014 жылдың желтоқсан айында республика экономикасында 8,7 мың адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда аталмыш көрсеткіш 75,3 мың адамға, яғни 0,9%-ға артып отыр. Жалдамалы жұмысшылар саны осы уақытта 6,1 млн адамға жетті», - делінген хабарламада.

Комитет мәліметінше, болжам бойынша 2014 жылдың төртінші маусымында өзін өзі жұмыспен қамтушылардың арасында жемісті жұмыс істеп жатқандар үлесі 71,7% құрады.

«2014 жылдың желтоқсан айында жұмыссыздар саны 458,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 5,0%. 2014 жылдың желтоқсан айы соңында ресми түрде жұмыспен қамту органдарында 33,4 мың адам тіркелген», - деп хабарлайды ведомства.

Сонымен қатар 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,3%-ын құрады. 


Back to the list