04.12.2014
Батыс Қазақстан облысында Дуалды білім беру картасына 14 колледж енгізілген. БҚО кәсіпкерлері 2015 жылы олардың санын 17 жеткізуді көздеп отыр. Дуалды білім беру элементтерін енгізуде әлеуеті жоғары колледждердің қатарында Теректі колледжі де бар.
Өндірісті және ауылшаруашылығы саласының білікті мамандарын даярлау аймақ экономикасын дамытудағы күн тәртібіндегі басты мәселе. Осы ретте дөңгелек үстел жұмысына мемелеткеттік органдардың өкілдері, білім беру басқармасы мамандары мен кәсіпкерлер белсенді қатысты, деп ҰКП хабарлады.
Келелі отырыстың басты тақырыбы «Колледждердің мамандарды даярлау барысында әріптестігін дамыту» болды. Шара барысында сөз сөйлегендер әлеуметтік серіктестікті дамыту, дуалды білім беруді енгізу және білікті мамандарды даярлау қажеттілігі туралы айтты.
Ал, шаруақожалықтарының қожайындары аграрлық секторға жұмысшы кадрларды даярлауды жетілдіру қажеттілігін көтерді.