24.11.2014
Іс-шараға 500-ден астам «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен 50 жұмыс ұсынушы компания өкілдері қатысты. Олардың арасында мемлекеттік және жекеменшік мекемелер, халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялар бар.
BARO үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу – «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен жұмыс ұсынушылардың жұмысқа орналастыру, адами ресурстарды дамыту және кәсіби тұрғыда өсу алаңын құрудың дәстүрлі әдісіне айналып отыр.
Жәрмеңкеде жұмыс ұсынушылардың ең қызықты таныстырылымдары, тестілеу, кәсіби сұхбаттар және networking – компания топ-менеджментінің «Болашақ» бағдарламасы түлектерімен бейресми танысуы қарастырылды.
Сонымен қатар, Bolashak Alumni Relations Office ұжымы «болашақтықтардың» жұмыс іздестіруіне арналған http://resume.bolashak.gov.kz/ сайтын ресми түрде іске қосылды.
Bolashak Job Fair 2014 – үміткерлер үшін де, компаниялар үшін де маңызды шара екенін айта кеткен жөн.
Мұнда әрбір түлек өзіне қажетті жұмыстың жай-жапсары, міндет-мақсаты, еңбек ақысы туралы біледі, өз мүмкіндіктерін бағалайды, бір күн ішінде ондаған жұмыс берушілермен байланыс орнатады әрі жұмыс іздеуге кететін уақытын үнемдейді.