• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атырауда мамандарды дайындау бойынша ресурстық орталықтар құрылады -ҰКП 20.11.2014

Ресурстық-технологиялық орталықтың негізгі мақсаты – жұмыс мамандарының әзірленуі, біліктіліктерінің артуы мен қайта дайындалуы.

«Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру колледждері мамандарды мемлекеттік тапсырыс немесе ақылы түрде ғана дайындайды. Алайда, мамандарды әзірлеу нарықтағы қажеттілікке пара-пар келмей жатады. Ресурстық-технологиялық орталықтың құрылу қажеттілігі кәсіпкерлік жақтан мамандардың тапшылығына тиімді және жоспарлы әсер ету. Мәселен, энергетика саласындағы компаниялардың сұранысын қанағаттандыру үшін орталықтар қысқа мерзім ішінде мамандарды тексеріп бере алады», - деді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан Ғанимұрат.

Ұлттық палатада атап өткендей, ресурстық орталықтар негізінде студенттердің теориялық білімін жетілдіру, оларды үнемі тағылымдамадан өткізу жайы қарастырылған.

Жұмыс берушілер ресурстық-технологиялық орталықты құру идеясын бірауыздан қолдап отыр. Оған қоса, олардың материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде болу керек. Екі колледждің басшылығы аталмыш жобаны қолдап, облыс әкімдігінен қосымша қаржы сұрауды ұсынды. Дайындалған сметаға  сәйкес ол 200 млн теңгені құрайды.

 

 


Back to the list