• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО колледждерінің студенттері өндірістік тәжірибеде табыс табуда 18.11.2014

Білікті мамандардың тапшылығы өндіріс ошақтарының барлық салаларындағы күн тәртібіндегі басты мәселе. «Дуалды білім беру жүйесі мамандар тапшылығын шешуге арналған, ол оған қатысып отырған барлық тараптың - мемлекеттің, жұмыс беруші мен жұмысшының мүддесіне жауап береді. Кәсіпорын үшін бұл өзіне қажетті мамандарды даярлау, білікті маманды іздестіру немесе оны өндірістің ерекшелігіне бейімдеу үшін  қаржыны үнемдеу болып табылады. Ал, студенттер үшін дуалды білім беру өз-өзіне сенімділікті арттырудың және  өзбетімен өмір сүруге бейімделудің бірегей мүмкіндігі. Олар кәсіпорындарда өз білімін жетілдіру барысында - ақ өз еңбегінің ақысын алуда», - деп атап өтті ОҚО-ның Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Қасымбеков.

Хабарланғандай, бүгінде ОКО-ның КП 70-тен астам келісім шарт түзілді. Кәсіпорындар білім беру процесіне белсенді қатысуда, олар студенттерге өндіріс алаңын ұсынуда. Аталмыш жерде білімгерлер оқу процесінің 60% өткізеді.

Айта кетерлік жайт, өндірістік тәжірибеден өтуші студенттердің төрттен бір бөлігі 30 бен 80 мың теңге аралығында жалақы алуда. Болашақта дуальды білім беру жүйесіне қатысушы кәсіпорындар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылатын болады.


Back to the list