• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында дуальды білім беру табысты енізіліп келеді 12.11.2014

Аталып өткендей, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін оқу-материалдық базалар өндіріске жақындатылған заманауи құралдармен жабдықталуда.

«Институционалды даму жоспары» аясында жеңіп алынған Дүниежүзілік  банктың 380 мың доллар гарантына  «Агрономия» мамандығы бойынша зертхана іске қосылды, оның техникалық мүмкіндіктері көп, деп түсіндірілген баспасөз ақпарында.

«Мұнда болашақ агрономдар тәжірибе жүзінде бидайды анықтайтын пуркамен жұмыс істеуді үйренуде. Сондай-ақ, «Агрономия» мамандығы үшін оқу жылыжай кешені құрылды. Жылыжайда студенттер теориялық білімін іс жүзінде жүзеге асырып көреді, тіпті бүгінде алғашқы  қияр өнімін алды», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, жұмыс істеп жүрген әлеуметтік серіктестермен мамандарды дайындау бойынша байланысты нығайту үшін «Сенім Жер», «Есіл Агро», «Арқа Зеренді» ЖШС-ларымен өзара ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  


Back to the list