• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
БҚО-ның КП инвестициялық жоба үшін мамандарды қайта даярлау мәселесін шешті 12.11.2014

Аталып өткендей, Оралда трансформатор шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған, ол мұнай газ секторын, өндіріс ошақтарын, коммуналдық нысандарды, құрылыс, теміржол мен энегожүйе кәсіпорындарын электр қуатымен қамтамасыз ететін 250-ден астам түрі бар арнайы құрылғыны шығаратын болады.

2014 жылдың желтоқсан айында зауыттың бірінші кезегі іске қосылады. Алайда зауытта жұмыс істейтін адам жоқ, себебі өңірдегі бірде бір оқу орны қажетті білікті мамандарды даярламайды, деп ұлттық палатадан түсіндірді.

Хабарланғандай, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС бас директоры Махсатхан  Бұрылбаев  аймақтық кәсіпкерлер палатасына мамандарды дайындау үшін жедел көмек қол ұшын созуды өтінді. «Нәтижесінде Газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің директоры Серік Мұхамбеталиев ағымдағы жылдың «техник-электрик», «электрмен қамтамасыз ету» біліктілігі бойынша түлектерді қайта оқытуға келісті. Түлектерді іріктеу барысында  диплом бойынша орташа балл есепке алынды. «Палата мен ЖШС оқу жоспарын мақұлдады. Оқудың - 40% теория болса, 60% өндірістік тәжірибе.  Бүгінде 30 адам «Трансформатор құрастырушы» мен «Жоғары және төмен қысым орамын ораушы» мамандығы бойынша білімдерін жетілдіруде, - делінген хабарламада. 


Back to the list