• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырауда бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді 11.11.2014

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, Атырау жастары шара барысында аспаз, ас үй қызметкері, даяшы, әкімші, тұтынушылар жұмыс менеджері қызметтері бойынша әлемдік санаттағы қонақ үйлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. Шара қорытындысы бойынша, жәрмеңкеде 80 үміткердің резюмесі іріктеліп алынды. Үстіміздегі аптаның соңына олардың 20-сы дейін аталмыш қонақ үйлерге жұмысқа шақырту алады.

«Қазіргі таңда қонақ үй ісі мен қоғамдық тамақтану саласындағы мамандарды дайындау мәселесінде белгілі бір деңгейде қиындықтар да жоқ емес. Бұл өз кезегінде аталмыш сала мамандарының ағылшын тілін білмеуі мен заманауи талаптардағы қонақ үй стандарттарынан хабарсыз болуы», - дейді Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан Ғанимұрат.

Оның айтуынша, облыс колледждері гастрономия және кулинария саласындағы халықаралық талаптарды ескере отырып аспаздар дайындауға кірісіп кетті. Ол үшін өңірдің кәсіпкерлер палатасы Германиядан халықаралық сарапшы шақырып, ол өз кезегінде техникалық және кәсіптік оқу орны студенттеріне шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.


Back to the list