09.11.2014
Келелі кеңесте комитет төрағасы Ахан Бижанов әлеуметтік – экономикалық жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.
«Елбасы Н. Назарбаев жылсайынғы халыққа Жолдауында жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне кеңінен тоқталып өтеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын басшылыққа ала отырып облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламалары шеңберінде жұмыссыздық пен өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған тұрғындар санын төмендету жолында жүйелі жұмыстар жүргізілуде», - деп ағынан жарылды Алматы обласының әкімі Амандық Баталов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы облыста дотацияны төмендету жолында жұмыстар жүргізіліп жатқанын және жыл сайын субвенция көлемін 15%-ға төмендету жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.
Кездесуді қорытындылаған сенатор А.Бижанов Алматы облысында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына оң бағасын берді.