• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында 3 мыңнан астам адам ЖҚЖК қатысты 06.11.2014

«Қорғалжын ауданының Сабанды ауылындағы орта мектепке бағдарламаның  «Инфақұрылымдарды және ТКШ дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету» бағыты бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептің жөндеу жұмыстарына қатысқан ауылдың 10 тұрғыны Қорғалжын ауданындағы «Таңдау» еңбек ресурсы орталығында оқыған», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Қорғалжын ауданында бүгінде 256 мүгедек өмір сүреді, оның 16 бала,  240 ересектер. Ал, 95 - еңбекке жарамды, 45 - әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар, 26 - өзін өзі жұмыспен қамтыса, 22 - жұмыссыз.

Аталып өткендей, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2 мүмкіндігі шектеулі жан арнайы оқу курсынан өтіп, жұмысқа орналастырылды және 6 мүгедек қоғамдық жұмыстарға тартылды.

«Қазіргі таңда біз осы санаттағы жандарды жұмысқа орналастыру бойынша бар күшімізді салудамыз. Бүгіннің өзінде жылдар бойы үйде отырған жандар көптеп еңбекке араласуда. Сондай-ақ біз пайдалануға берілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жұмыстарын жүргізудеміз. Жоспар бойынша олардың саны 20. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан ары жалғастыратын боламыз. Бүгінде бізде қолына паспорты берілген 65 нысан бар, алдағы уақытта солармен жұмыс істейтін боламыз», - деді Қорғалжын ауданы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Қайрат Төлеубаев.


Back to the list