04.11.2014
«Өңірлік Үйлестіру кеңесінің барысында 2 жобаға екінші дәрежелі банктерден несие алуға 50 пайыз кепілдік алу мүмкіндігі берілді. Екі кәсіпкерлік мемлекеттік қолдау аясында Қызылордада қонақ үй кешенін ашуды жоспарлауда. Жүк тасымалымен айналысатын компания өз автокөлік паркін құру үшін техника алуды жоспарлауда», - делінген хабарламада.
Қорда хабарлағандай, жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараевтың жобасы «Даму» қорының 50 пайыздық кепілдігіне ие болды. Шағын кәсіп жас кәсіпкерге жергілікті нарықтағы өнім түрлері тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Кондитерлік цехте 50 қызылордалық жұмыс істеуде. Болашақта ол жұмысшылар санын 200-ге жеткізуді жоспарлауда.