03.11.2014
«Жәрмеңкеге 31 жұмыс беруші өкілдері қатысып, 287 бос жұмыс орындарын ұсынды.Бос орындар физика, математика, химия пәні мұғалімдері, тәрбиеші, сурдоаудармашы, дәрігер, инженерлер, сондай-ақ, жоғары дәрежелі жұмысшы мамандар бойынша ұсынылды.Жәрмеңкеге жұмыс іздеуші немесе жұмысын ауыстырғысы келген 500-ге жуық жұмыссыздар қатысты», - деп хабарлады қала әкімдігі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, өз ісін ашу жолдары туралы, кәсіби даярлау мен қайта даярлау, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары кеңес берді.
Жұмыс берушілер жәрмеңкеге қатысушыларға өз кәсіпорындарын таныстырып, жұмысқа қабылдау жағдайлары туралы айтып өтті. Жұмыссыздар қосымша сұхбатқа шақырылып, кейбір бөлігі жұмысқа орналасатын болады. Ал, Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы олардың әрі қарай жұмысқа орналасуын қадағалайды.
Жәрмеңкенің нәтижесінде мекемелер қатысушылардан 1940 түйінхат жинады, 318 адамға кеңес берді, 94 адам сұхбатқа шақырылды.